Колледж тарихы

  • Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіптік білім басқармасының 1959 жылғы 30  желтоқсанындағы  №207  бұйрығымен «№146 Бадам ауылшаруашылық училищесі» болып өзінің іргетасын қалады.
  • 1965 жылы №146 Орта кәсіптік техникалық училище атауы,1977 жылғы №146 Орта кәсіптік техникалық училищесі болып өзгертілді.
  • Қазақ ССР мемлекеттік кәсіптік білім беру басқармасының 03 тамыз 1984 жылғы №220 бұйрығы мен Шымкент облыстық кәсіптік – техникалық білім беру басқармасының 05 қыркүйек 1984 жылғы №324 бұйрығы негізінде «№146 ОКТУ»-«№34 Орта кәсіптік техникалық училишесі» болып өзгертілді.
  • Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімінің   1994 жылы 3 тамыздағы  №171 «Кәсіптік-техникалық  материалды тиімді пайдалану кәсіби даярлау және қайта құру  бағдарламасы» қаулысы негізінде, №34 училище жоғарғы  кәсіптік училище №8 лицей болып өзгертілді.
  • Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімінің   1996 жылы 31 шілдедегі №153 «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіптік-техникалық училищелерінің атауларын өзгерту және тарату  туралы» қаулысына сәйкес №8 лицей «№18 кәсіптік техникалық мектебі» болып өзгертілді.
  • Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Білім Департаментінің 2002 жылы 2 мамырдағы №176 қаулысы мен Облыстық білім департаментінің 02.05.2002 жылғы №67 бұйрығының негізінде,Ордабасы аудандық білім бөлімінің 01.06.2002 жылғы №156 бұйрығына сәйкес №18 Кәсіптік техникалық мектебі – «№18 кәсіптік мектеп» болып өзгертілді.
  • Оңтүстік  Қазақстан  облысы әкімиятының  2008 жылы 21 қаңтардағы №19 қаулысына сәйкес   №18 Кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім департаментінің «№18 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» болып қайта өзгертілді.
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылы 24 желтоқсандағы № 394 «Коммуналдық облыстық заңды тұлғаларды қайта атау туралы» қаулысының негізінде «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының №18 Кәсіптік лицей» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№18 Колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгерді.
  •  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №13 «Коммуналдық облыстық заңды тұлғаларды қайта атау туралы» қаулысының негізінде «Оңтүстік Қазақстан облысы  білім басқармасының «№18 Колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Оңтүстік Қазақстан облысының  білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп аталды.
  • Оңтүстік  Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылы 5 сәуірдегі №99 «Мемлекеттік мекемелер туралы» қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысының  білім басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (БСН 080340014689) қайта  атауы өзгертілді
  • Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы «Түркістан облысы білім басқармасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын қайта атау және Жарғыларын бекіту туралы» №11 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Түркістан облысы білім басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта аталсын.
  • Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 тамыздағы «Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелердің,мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын қайта атау және Жарғыларын бекіту туралы»№163 Қаулысына сәйкес «Түркістан облысының білім басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болыа қайта аталды.

Мекен жайы: Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылы, О.Жандосов көшесі  ғимарат  № 8 орналасқан