«WORLDSKILLS TURKESTAN – 2022» ЧЕМПИОНАТЫ

«Worldskiils Turkestan 2022» облыстық чемпионаты өз мересіне жетті. Колледжіміздің студенттері үмітімізді ақтады. 6 құзіреттілік бойынша 5 жүлделі орын. Атап айтар болсақ,    «Аспаз» құзіреттілігі бойынша 1 орын иегері-Қошқаров Дінмұхамед,  «Ауылшаруашылығын механикаландыру » құзіреттілігі бойынша 1 орын иегері — Шеріп Елнұр, «Графикалық дизайн « құзіреттілігі бойынша 3 орын иегері — Саяпан Сағындық,   «Дәнекерлеу ісі « құзіреттілігі бойынша ерекше медальон иегері — Каурцов Александр, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету « құзіреттілігі бойынша ерекше медальон иегері — Әбіш Бағжан. Биылғы жылы оқу ордамызда осындай көптеген қуаныштар орын алуда. Сол себепті алдағы республикалық чемпионаттарда студенттеріміз облыс намысын абыроймен қорғайды деген үміттеміз. 18 колледж мерейі әрқашанда биік болсын.