Жетістіктер

Колледж жетістіктері:

Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің білім алушылары арасында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan, жыл шебері – 2017» аймақтық чемпионатында Кеңесбай Досжан, Аманжолова Сабина қатысып, Оңтүстік қазақстан облыстық білім басқармасының сертификаттарын алды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, қастерлеуге, тәрбиелеу мақсатында өткен облыстық «Алтын қазына» сәндік қолданбалы қолөнер байқауында саздан мүсінді жасау бағыты бойынша  Елтай Нұрбек І орынға, тоқыма дайындау бағыты бойынша Николаева Кристина І орынға ие болды.

Сол жылы Тұңғыш Президент күніне орай Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, аудан әкімі Р.Кайпжановтың атынан Елтай Нұрбек алғыс хатпен марапатталды. 2017ж аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауында байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң оқытушысы Қ.Даумеков ІІ орын, 2018 жылы өндірістік оқыту шебері Усинбек Нұрлан І орын иеленді. Дәстүрлі жыл сайын өткізілетін облыстық өнер фестивалінде көркемөнерпаздарымыз әрдайым жүлделі орындардан көрінуде. 2015ж І орын, 2016ж ІІ орын, 2017ж ІІ орын, 2018ж ІІІ орын, 2019ж ІІІ орын иеленді. «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық үздік бейнероликтер байқауында «Талантты студент» номинациясымен Қожан Досхан марапатталды.

«Үздік өндірістік оқыту шебері – 2017» облыстық байқауында «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктілігінің өндірістік оқыту шебер Еркебай Бекмырза ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жыл шебері – 2017» облыстық байқауына «Электр газымен дәнекерлеуші» біліктілігінің өндірістік шебері, жас маман Досымбек Қажымұқан марапатталды.

Жыл сайын өткізілетін «Ордабасы аруы» байқауларында  жүлделі орындардан көрініп жүрміз. 2017ж Көлбай Мадина ІІ орын, 2018ж Нышан Мөлдірай ІІ орын, 2019ж Серікбай Нұрай ІІІ орын. Ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеуорталығы ұйымдастырған «Инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың басты құралы» атты халықаралық байқауының материалдар жинағының І том кітабына «ХХІ ғасыр – жаңа технологиямен ақпараттандыру ғасыры» тақырыбында Ережеп Әсия  І дәрежелі дипломға ие болды. 2019 жастар жылына орай өткзілген «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 үздік студент» жобасында Бекбосын Нұртілеу жеңімпаз атанды..

2019 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «Woridskills Kazakstan-2019» облыстық чемпионатында  «Фермер шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана  алғаны үшін №26 оқу тобының студенті Рахматулла Шыңғысхан Түркістан облысының білім басқарма басшысының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2020 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «Woridskills Turkistan-2020» облыстық чемпионатында  «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана  алғаны үшін №33 оқу тобының студенті Өмірзақ Мақсат Түркістан облысының білім басқарма басшысының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша №30 оқу тобының студенті Саяпан Сағындық «Ерекше медальон» иегері болды.

Жаңбырбай Аяжан Түркістан облысының «Жылдың үздік студенті-2021» жобасының жеңімпазы. Түркістан облысы әкімдігі және облыстық Жастар Ресурстық Орталығы ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас-2021» жобасының «Орта арнаулы оқу орындарының үздік студенті» номинациясының жеңімпазы Жаңбырбай Аяжан салтанатты түрде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев атынан берілген алғыс хат пен 100 000 тг сертификатына ие болды. Қазығұрт ауданы №11 колледжде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген «ZHASTAR. KZ» облыстық форумында үздік баяндама ұсынып жүлделі ІІ орынды Жаңбырбай Аяжан иеленіп мерейімізді үстем етті.

2021 жылы №46 оқу тобының студенті Жаңбырбай Аяжан «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 үздік студент» жобасында жеңімпаз атанды.

28.10.2021ж Кентау қаласында өткен «Білімді ұрпақ — тәуелсіз ел тірегі» атты облыстық жастар форумына колледжіміздің атынан «Жас Талап» топ білім алушылары қатысып, «Мұрагер» квест ойынында жүлделі 2-орын Түркістан облысы Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының Дипломымен, «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы» интеллектуалды сайыс XXI — ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры «KAHOOT » ойыны мен «Мамандығым-мақтанышым!» атты жас білім алушылардың өз мамандығы бойынша жетістіктері, жас білім алушылардың «Ұшқыр ой» сайыстары бойынша Түркістан облысы Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

2021 жылы желтоқсан айында «Ордабасы жастары» премиясы байқауының «Үздік жас студент» номинациясының жеңімпазы колледжіміздің студенті Ерлан Саят.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік механизатор-2022» байқауында №46 оқу тобының студенті Шеріп Елнұр жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

«Мен өз елімнің патриотымын» атты облыстық әндер байқауында №51 оқу тобының студенті Ерлан Саят жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

2022 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «Woridskills Turkistan-2022» облыстық чемпионатында  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзыреттілігі бойынша №46 оқу тобының студенті Кочкаров Динмухамбет және  «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша №48 оқу тобының студенті Шеріп Елнұр жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана  алғаны үшін  І дәрежелі дипломымен марапатталды. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Саяпан Сағындық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Автокөлікті жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша Әбіш Бағжан, «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша Каурцов Александр «Ерекше медальон» иегері болды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін “Өнерлі ұстаз” байқауы бүгін Рухани астана Түркістанда болып өтті. Байқауға колледжімізден арнайы пән оқытушысы Баян Кожакова Сабыровна қатысып, Түркістан облысы қосымша білім беруді дамыту орталығының ІІІ — ші дәрежелі дипломымен және елу мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

          Өндірістік оқыту шебері Қалдыбай Гүлжамал Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша «Үздік шебер — 2022» байқауына қатысып «Шығармашыл Аспаз» номинациясымен марапатталды.

        2022 жылы №51 оқу тобының студенті Ерлан Саят «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 үздік студент» жобасында жеңімпаз атанды.