Жылдың үздік студенті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік ұрпағы-жыл көшбасшылары” облыстық жыл үздігі аясында “Түркістан жастар премиясы” байқауының нәтижесіне сәйкес “Үздік жас студент” номинациясымен №18 колледж студенті Ерланұлы Саят марапатталды!

2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы!

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына байланысты №18 колледжде атқарылатын жұмыстар жоспарына сәйкес Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Бекбосынов Тұрар Бекбосынұлы туралы билборд ілінді.

№18 колледж жұмысшы мамандықтар ұстаханасы.

06.12.2024 жылы №18 колледждің құрылғанына 65 жыл толу мерекесіне орай, колледждің мәжіліс залында Түркістан облысы білім басқармасына қарасты ТжКБ ұйымдары басшылары арасында «Жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында семинар кеңесі өткізілді.

Жұмыс беруші күні.

№18 колледжде дуальды оқытуды насихаттау және ендіру жұмыстары бойынша «Атамекен» ӨКП өкілі және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқыту процесінде алынған теориялық білімді тәжірибеде бекіту, оларды тереңдету және кәсіби қызметте практикалық жұмыс дағдыларын дамыту, біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіби қасиеттерді қалыптастыру жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Кәсіпкерлер тарапынан наухандық жұмыстарға байланысты оқу процесінің графиктеріне өзгеріс ендіру туралы ұсыныстар түсті. Келісім-шарттарға қол қойылды.

Аспаз ісі бойынша колледжішілік World Skils — 2023-2024 байқауы.

№18 колледжде Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы

Аспаз ісі бойынша колледжішілік World Skils — 2023-2024 байқауына үміткерлер сайысы өтті.

Сайысқа Ташманова Жанат 64 топ студенті, Мықтыбек Ержүрек 23-9 топ студенті және Әбдіәшім Ильяс 59 топ студенттері қатысып бақ сынасты.

Олар 2 модуль бойынша ас әзірледі.

1 модуль — Көкөніс крем сорпасы.

2 модуль — Филе Миньон екінші ыстық тағам.

1 орын Әбдіәшім Ильяс, 2 орын Мықтыбек Ержүрек, 3 орын Ташманова Жанат