Жұмыс беруші күні.

№18 колледжде дуальды оқытуды насихаттау және ендіру жұмыстары бойынша «Атамекен» ӨКП өкілі және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқыту процесінде алынған теориялық білімді тәжірибеде бекіту, оларды тереңдету және кәсіби қызметте практикалық жұмыс дағдыларын дамыту, біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіби қасиеттерді қалыптастыру жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Кәсіпкерлер тарапынан наухандық жұмыстарға байланысты оқу процесінің графиктеріне өзгеріс ендіру туралы ұсыныстар түсті. Келісім-шарттарға қол қойылды.

Аспаз ісі бойынша колледжішілік World Skils — 2023-2024 байқауы.

№18 колледжде Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы

Аспаз ісі бойынша колледжішілік World Skils — 2023-2024 байқауына үміткерлер сайысы өтті.

Сайысқа Ташманова Жанат 64 топ студенті, Мықтыбек Ержүрек 23-9 топ студенті және Әбдіәшім Ильяс 59 топ студенттері қатысып бақ сынасты.

Олар 2 модуль бойынша ас әзірледі.

1 модуль — Көкөніс крем сорпасы.

2 модуль — Филе Миньон екінші ыстық тағам.

1 орын Әбдіәшім Ильяс, 2 орын Мықтыбек Ержүрек, 3 орын Ташманова Жанат

Апталық : Тіл білгірі сайыс сабақ.

№18 колледж МКҚК 10.11.23 ж. «Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер бірлестігінің мүшелері ашық сабақтарын өтіп, апталықты «Тіл білгірі»сайыс сабағымен қорытындылады.Сайысты ұйымдастырудың мақсаты:Студенттерді туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа,ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа негізделген.

«Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер бірлестігінің
мүшелері

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.

08.11.23 жылы 18 колледжде Біртұтас тәрбие бағдарламасының » Ұлттық мүдде» құндылығының» Құқықтық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша » Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу » тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына Ордабасы АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.А. Мейірбеков және Шұбар ауыл УПИ полиция аға лейтенанты Б.Тұрсынбаев қатысты қатысты. Кездесуде студенттерге аса ауыр қылмыстар жасаған жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатыныны айтылды.Сонымен қатар түрлі әлімжеттік, ұрлық жасау , сабаққа келмеу т.б құқық бұзушылықтарға жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік-құқық бұзушылық баптары бойынша айыппұлдар салынатындығы ескертілді.