Ал, қанекей, жігіттер!

Колледж жатақханасында 1-2-3 курс студенттері арасында «Ал, қанекей, жігіттер» сайысы болып өтті. Сайысқа үш курстан 3 команда қатысып, таныстыру, қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, бокс (көз байлау) турлары бойынша бақ сынасты

Табысқа апарар жол

Бүгін колледжімізде «Табысқа апарар жол» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Іс шара барысында Ник Вуйчич туралы бейне ролик көрсетіліп, Ерболсын Қасымбектің «Казино» өлеңі негізінде көрініс қойып, жастарға адал жолмен табысқа жетуге шақырып, қанатты сөздер оқылды.

№65 оқу тобы мен жетекші Р.Абизаға директордың тәрбие жөнінде орынбасары Атымтай Серікбай іс-шара жоғары деңгейде өткенін айтып қорытындылады.

Чемпионат колледжа «Лучший автослесарь 2022»

Чемпионат колледжа «Лучший автослесарь 2022» прошел в декабре 2022 года по компетенции «Сервис, ремонт и использование легких автомобилей». Высокое профессиональное мастерство и компетентность награждены благодарственным письмом Аманкелды Калмурат Нурманулы 2 место Халесов Аллахберди 3 место Серикбай Нурдаулет и Пакизатан Мирас

Жылдың үздік студенті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік ұрпағы-жыл көшбасшылары” облыстық жыл үздігі аясында “Түркістан жастар премиясы” байқауының нәтижесіне сәйкес “Үздік жас студент” номинациясымен №18 колледж студенті Ерланұлы Саят марапатталды!

«Ерекше медальон» иегері

Астанада өткен кәсіби шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионатында «Аспазшы» құзыреттілігі бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған №18 колледж студенті Қошқаров Дінмұхаммед «Ерекше медальон» иегері атанды. Республиканың барлық облысы мен 3 қаласынан жиналған үздіктер байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртімізді және жетекшісі Лайла Султанды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазыбек биге -355жыл

Колледж оқытушысы Нурлан Бекбосын №62 оқу тобы студенттерімен «Қазыбек би» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында, Қазыбек би бабамыздың өнегелі сөздері оқылып, қара қылды қақ жарған билігіне көріністер көрсетіліп, ән шырқалды.

Сабыр Рахымовқа 120жыл

Колледждіміздің №60 оқу тобы студенттері Меруерт Байтымбетова жетекшілігімен «Сабыр Рахымовқа 120 жыл» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізді. Тәрби сағаты барысында қазақтан шыққан тұңғыш генерал туралы баяндама оқылып, естелік суреттер және жыр шумақтары айтылды. Патриоттық әндер шырқалды.