«Аспазшы» біліктілігі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жол картасының 51, 52 тармағына сәйкес «Аспаздар » зертханасында «World Skіlls — 2021» дағдыларын меңгеру мақсатында ұйымдастырылған сайыс өтті. Сайысқа № 18 колледж «Аспазшы» біліктілігі бойынша білім алушы 1-2-3 курс студенттері арасынан 5 үміткер қатысты. Олар: 3- курстан – Қошқаров Дінмұхаммед, 2 курстан – Үсен Балжан мен Кендірбай Мұрат, 1 – курстан – Әбдіәшім Ілияс пен Аман Нұрай.Үміткерлер №1 модуль – Көкөніс крем сорпасы, №2 Модуль — Котлет масса өнімін көкөніс гарнирімен және тұздықпен даярлау тапсырмаларын орындады. Оларға колледж әдіскері — Құлжан Сәлімбек ағай мен аға шебер — Ордабаев Нұралы ағай сарапшы болды.Жарыс нәтижесінде жеңімпаз 3- курстан – Қошқаров Дінмұхаммед болды.Аға шебер — Ордабаев Н. өз сөзінде студенттердің жұмыс барысындағы қателіктеріне тоқталды. Сондай – ақ студенттердің келешегіне ақ жол тілей отырып, чемпионат туралы , облыстық жарыстар туралы мысал келтіріп, үздіктерге сәттілік тіледі.


