СЕРТИФИКАТ 100 000 тг

Түркістан облысы әкімдігі және облыстық Жастар Ресурстық Орталығы ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас-2021» жобасының «Орта арнаулы оқу орындарының үздік студенті» номинациясының жеңімпазы Жаңбырбай Аяжан бүгін салтанатты түрде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев атынан берілген алғыс хат пен 100 000 тг сертификатына ие болды. Сыйлықты табыстау рәсімін Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығы Асел Баймаханова жүргізді. Жеңімпаз студентімізді колледж директоры Тастанбек Еримбет, оқу-өндірістік жұмыстары жөнінде орынбасары Жандос Акторе және тәрбие жөніндегі орынбасары Атымтай Серікбай арнайы құттықтап, студентіміздің алар асуы көп болуына тілектестік білдірді. P. S. Студентіміз «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» жобасының марапаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында іс-сапарда болуына байланысты облыстық марапаттау рәсіміне қатыса алмады)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *