25.01.2021 жылы №18 колледж жатақханасында Ордабасы аудандық АПБ ЖКП КТІЖ инспекторы полиция лейтенанты Ақтөре Көпбосыновпен «Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге колледж медбикесі Н.Жүнісбек, педагог-психолог М.Кенжебаева және жатақхана тәрбиешісі Б.Бекжанов қатысты.А.Көпбосынов: Ордабасы ауданы бойынша 2020 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 7 құқықбұзушылық пен қылмыс орын алды. Карантинге байланысты қашықтықтан оқу кезінде қатаң бетперде режимін сақтауға шақырды. Кәмилетке жасы толмаған білім алушыларға ақылы жұмыс істеуге болмайтынын ескертті.. Сонымен қатар жасөспірімдер түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз (ата-аналар) жүруге тиым салынадыколледж медбикесі Н.Жүнісбек: Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында есірткіге елітіп, нашақорлыққа бой алдырған білім алушылар көбейіп жатыр. Оған себеп карантинге байланысты барлық мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар тоқтады. Жастардың бос уақыттары көп болғандықтан, осындай келеңсіз жағдайларға душар болуда. Жастар бұл уақытша ғана пайдаланамын, кейін өзіме-өзім тоқтау жасаймын деп алданып, есірткіге қалай тәуелді болғанын білмей қалады. Сондықтан бұндай зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
