
Автор: admin


Қазыбек биге -355жыл
Колледж оқытушысы Нурлан Бекбосын №62 оқу тобы студенттерімен «Қазыбек би» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында, Қазыбек би бабамыздың өнегелі сөздері оқылып, қара қылды қақ жарған билігіне көріністер көрсетіліп, ән шырқалды.




Сабыр Рахымовқа 120жыл
Колледждіміздің №60 оқу тобы студенттері Меруерт Байтымбетова жетекшілігімен «Сабыр Рахымовқа 120 жыл» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізді. Тәрби сағаты барысында қазақтан шыққан тұңғыш генерал туралы баяндама оқылып, естелік суреттер және жыр шумақтары айтылды. Патриоттық әндер шырқалды.




Газ тарату механизмі тақырыбындағы ашық сабақ
№18 колледж өндіріс шебері Тулеков Тогысбек «Газ тарату механизмі» тақырыбында «Ауылшаруашылығын маханикаландыру» мамандығы бойынша білім алушы №53 оқу тобы студенттерімен өндірістік ашық сабақ өткізді.



17-қараша халықаралық студенттер күні
«17-қараша халықаралық студенттер күніне» орай 18 колледжде топ жетекші Қ. Досымбековтың жетекшілігімен 61оқу тобында «Қызықты көңіл-студенттік өмір» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында студенттер ән салып,жыр-шумақтар оқып,көрініс қойып тақырыпты ашуға атсалысты. Тәрбие сағатында Қ.Р. колледждерінің 100үздік студенті жобасының жеңімпазы Ерлан Саят құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге қолдау білдіргендері үшін алғысын әнмен өрнектеді. Тәрбие сағатының соңында колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Ақтөре студенттерге студенттік билет табыстап,болашақта үлкен азамат болуларына тілектестік білдірді.



