«17-қараша халықаралық студенттер күніне» орай 18 колледжде топ жетекші Қ. Досымбековтың жетекшілігімен 61оқу тобында «Қызықты көңіл-студенттік өмір» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында студенттер ән салып,жыр-шумақтар оқып,көрініс қойып тақырыпты ашуға атсалысты. Тәрбие сағатында Қ.Р. колледждерінің 100үздік студенті жобасының жеңімпазы Ерлан Саят құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге қолдау білдіргендері үшін алғысын әнмен өрнектеді. Тәрбие сағатының соңында колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Ақтөре студенттерге студенттік билет табыстап,болашақта үлкен азамат болуларына тілектестік білдірді.



