Кітап көрмесі.
Апталық барысында кітап көрмесі, 25-қазан Республика күніне арналған видеороликтер жасалынып, қабырға газеттері шығарылды. Нуранова Арайлым қазақ әдебиеті пәнінен Ашық сабақ өтті. Тақырыбы Абайдың он жетінші қара сөзі .




Апталық барысында кітап көрмесі, 25-қазан Республика күніне арналған видеороликтер жасалынып, қабырға газеттері шығарылды. Нуранова Арайлым қазақ әдебиеті пәнінен Ашық сабақ өтті. Тақырыбы Абайдың он жетінші қара сөзі .
18 колледжде Республика күні мерекесіне орай 65 оқу тобы жетекшісі Р. Абизаның жетекшілігімен «Тәуелсіздіктің іргетасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Бүгін 31.01.2023 ж «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №18 колледжде «Тың тақырып тарланы» Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай №65 оқу тобы жетекшісі Р.Абизаның жетекшілігімен ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатында топ студенттері Дулат Исабековтың өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстырып өтті.Күмісбек Тұрсынай “Өмір” атты монологын орындады. Бәрімізге таныс “Гауһартас” повесінен үзінді көрініс қойылды.
Сөз соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серікбай Атымтай ағайға сөз беріліп тәрбие сағаттың жақсы өткенін айтты.
Колледж жатақханасында 1-2-3 курс студенттері арасында «Ал, қанекей, жігіттер» сайысы болып өтті. Сайысқа үш курстан 3 команда қатысып, таныстыру, қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, бокс (көз байлау) турлары бойынша бақ сынасты
Бүгін колледжімізде «Табысқа апарар жол» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Іс шара барысында Ник Вуйчич туралы бейне ролик көрсетіліп, Ерболсын Қасымбектің «Казино» өлеңі негізінде көрініс қойып, жастарға адал жолмен табысқа жетуге шақырып, қанатты сөздер оқылды.
№65 оқу тобы мен жетекші Р.Абизаға директордың тәрбие жөнінде орынбасары Атымтай Серікбай іс-шара жоғары деңгейде өткенін айтып қорытындылады.
Чемпионат колледжа «Лучший автослесарь 2022» прошел в декабре 2022 года по компетенции «Сервис, ремонт и использование легких автомобилей». Высокое профессиональное мастерство и компетентность награждены благодарственным письмом Аманкелды Калмурат Нурманулы 2 место Халесов Аллахберди 3 место Серикбай Нурдаулет и Пакизатан Мирас
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік ұрпағы-жыл көшбасшылары” облыстық жыл үздігі аясында “Түркістан жастар премиясы” байқауының нәтижесіне сәйкес “Үздік жас студент” номинациясымен №18 колледж студенті Ерланұлы Саят марапатталды!
Астанада өткен кәсіби шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионатында «Аспазшы» құзыреттілігі бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған №18 колледж студенті Қошқаров Дінмұхаммед «Ерекше медальон» иегері атанды. Республиканың барлық облысы мен 3 қаласынан жиналған үздіктер байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртімізді және жетекшісі Лайла Султанды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Колледж оқытушысы Нурлан Бекбосын №62 оқу тобы студенттерімен «Қазыбек би» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында, Қазыбек би бабамыздың өнегелі сөздері оқылып, қара қылды қақ жарған билігіне көріністер көрсетіліп, ән шырқалды.