Бүгін 31.01.2023 ж «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №18 колледжде «Тың тақырып тарланы» Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай №65 оқу тобы жетекшісі Р.Абизаның жетекшілігімен ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатында топ студенттері Дулат Исабековтың өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстырып өтті.Күмісбек Тұрсынай “Өмір” атты монологын орындады. Бәрімізге таныс “Гауһартас” повесінен үзінді көрініс қойылды.
Сөз соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серікбай Атымтай ағайға сөз беріліп тәрбие сағаттың жақсы өткенін айтты.


