Жұмыс беруші күні.

№18 колледжде дуальды оқытуды насихаттау және ендіру жұмыстары бойынша «Атамекен» ӨКП өкілі және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқыту процесінде алынған теориялық білімді тәжірибеде бекіту, оларды тереңдету және кәсіби қызметте практикалық жұмыс дағдыларын дамыту, біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіби қасиеттерді қалыптастыру жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Кәсіпкерлер тарапынан наухандық жұмыстарға байланысты оқу процесінің графиктеріне өзгеріс ендіру туралы ұсыныстар түсті. Келісім-шарттарға қол қойылды.